Ақын, жазушы және белгілі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы Маргаританың коронавирус жұқтырғаны анықталып, оларды Алматыдағы медициналық мекемелердің біріне жатқызды. Бұл туралы қазақстандық журналист Бигелді Ғабдуллин Facebook желісіндегі парақшасында жазды.
«Бүгін арнайы бригада оларды коронавирус жұқтырған науқастарға арналған бұрынғы туберкулез ауруханасына алып кетті. Онда кіруге болмайды. Маргарита Владимировнаның жағдайы Олжасқа қарағанда ауыр. Мен олардың қызы Мадинамен сөйлестім. Оның айтуынша, алаңдауға айтарлықтай себеп жоқ», - деп жазды Ғабдуллин.
Алматы қаласының қоғамдық денсаулық басқармасының өкілдері Олжас Сүлейменов пен оның жұбайы коронавирус жұқтыруына байланысты PB-90 ауруханасына жатқызылғанын растап, ерлі-зайыптылардың жазылғанын, 15 қаңтарда ауруханадан шығарылатынын хабарлаған.