14.01.2021, 15:00

Ермахан Ибраимов «Nur Otan» партиясы атынан депутат болды

Фото: ашық дереккөзі
Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімінде шахматшы Жансая Әбдімәлік те, кезінде демократ сапынан көрінген "Tanmedia Group" Директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов та жүр...

Бүгін Алматы қаласы мәслихатына "Nur Otan" партиясынан сайланған депутаттардың тізімі бекітілді. Тізімде сайлау барысында ереуілшілерге ентелей ұмтылған боксшы, Сидней олимпиадасының чемпионы Ермахан Ибраимов та бар, деп хабарлады paryz.kz.

Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалы саяси кеңесі бюросының 13 қаңтардағы шешімімен "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 112-бабы 1-тармағына сәйкес, 29 кандидаттың тізімі бекітіліп, VІІ шақырылымдағы Алматы мәслихатының депутаттары ретінде тіркеу үшін аумақтық сайлау комиссиясына жіберілді.

Сонымен, Nur Otan партиясы Алматы қалалық филиалынан сайланған депутаттар тізімінде Ермахан Ибраимовпен қатар, шахматшы Жансая Әбдімәлік те бар. Кезінде демократ сапынан көрінген "Tanmedia Group" Директорлар кеңесінің төрағасы Арманжан Байтасов та жүр.