$ 494.87  520.65  4.91

Нұр-Сұлтанда алғаш әлеуметтік дәріхана ашылды

Дәріхананың іші-сыртына құрылыстық жөндеу жұмыстары тегін жасалып берді.
Фото: inform. kz
Фото: inform. kz

Нұр-Сұлтан қаласында алғашқы әлеуметтік дәріхана өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өткен жылы пандемия етек жайған кезде біз қала бойынша дәрі-дәрмек бағаларына мониторинг жүргіздік. Оның нәтижесінде елордада дәрі-дәрмек бағасының тұрақсыздығын байқадық. Осы орайда өткен жылы күзде қалалық «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясымен бірлесіп, әлеуметтік дәріхана ашу туралы шешім қабылданды. Міне, бүгін елордада алғашқы әлеуметтік дәріхана ашылды», - деді «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов.

Сондай-ақ, жоба жетекшісі дәрі-дәрмек бағасына қатысты түсініктеме берді.

«Мұндағы дәрі-дәрмектер қандай жолмен арзанға сатылуда дегенге келсек, «Астана» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы дәріхана ғимаратын ұсынып отыр, яғни жалға төлемейді, тек қана коммуналдық төлемдерді өтейді. Сонымен қатар дәріхананың іші-сыртына құрылыстық жөндеу жұмыстары тегін жасалып берді. Дәрі-дәрмектің бағасына келсек, 3 мың теңгеден қымбат тұратын дәрілер басқа дәріханаларға қарағанда мұнда 4 пайызға арзан, 1 мың теңңге мен 3 мың теңгеге дейінгі дәрі-дәрмектер 6 пайызға арзан, ал 1 мың теңге және одан да төмен бағаны құрайтын дәрілер 15 пайызға дейін арзан», - дейді ол. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары