$ 494.87  520.65  4.91

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысының ісі сотқа жолдануы мүмкін

2020 жылдың 14 тамызында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі айға қамауға алынды.

«СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріптің ісін сотқа жолдау жоспарланып отыр. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев мәлімдеді, деп хабарлайды zakon.kz.

«Қазірдің өзінде іспен танысып жатыр, іс жақын арада сотқа жолданады. Тергеу аяқталды», - деді агенттік басшысы.

2020 жылдың 14 тамызында «СҚ-Фармацияның» бұрынғы басшысы Берік Шәріп екі айға қамауға алынды.

Берік Шәріп тегін медициналық көмек көлемін қамтамасыз ету үшін дәрі-дәрмектер мен медициналық мақсаттағы бұйымдарды сатып алу жөніндегі дистрибьютор компания басшылығына 2020 жылдың 21 сәуірінде келді. Бұған дейін «СҚ-Фармация» басқарма төрағасының міндетін атқарған.

2020 жылдың 10 шілдесінде ол ел президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың сынынан кейін қызметінен босатылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары