$ 498.51  522.84  4.81

Ақтөбе облысының бір ауданында төтенше жағдай жарияланды

Екі тәулік бойы толастамаған нөсерден Қандыағаш қаласындағы ондаған үй, мектеп пен балабақшаны су басып қалған. Тіпті, қаланың қақ ортасындағы қос бірдей өткел шелектеп жауған жауынға шыдамай опырылыпты. Енді шенеуніктер келген шығынды есептеп әлекке түсіп жатыр деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Қандыағаштағы үйлері жарамай қалған он шақты отбасы бүгінде көшірілген. Шатыры тесіліп, төбесінен су сорғалан мектеп күрделі жөндеуді қажет етеді. Дәл қазір мұғалімдер өз күштерімен ғимаратты тазалап әлек. Сол секілді, балабақшаға да айтарлықтай зиян келіп отыр. Өйткені мұнда да жертөлесі мен бірінші қабатты су басыпты. Қазір жұмысшылары мотор сатып алып, сорғызып жатыр.

Шелектеп жауған жауыннан шенеуніктер де кабинеттерінен шыға алмай қалғандарын айтады. Тіпті аудан әкімінің өзі кабинетін құрағата алмай әлекке түсіпті. Енді төтенше жағдай жариялап, шығынды есептеп жүр.

Ербол Данағұлов, Мұғалжар ауданының әкімі:

- Шығынды есептеп жатырмыз. Қазір әр үйге комиссия жібердік. Қатты суға кетті деген үйлердің шығынын шығарамыз. Екі көпірді жөндеуге керек, шығынды облыстан бөлу керек.

Жергілікті тұрғындар бұрын соңды мұндай нөсерді көрмегендерін айтады. Тіпті көктемгі тасқын кезінде бұлай әбігерге түспедік деп отыр. Ал синоптиктер апта соңына дейін Ақтөбе облысында жауын болады дейді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары