$ 498.51  522.84  4.81

Жапонияда лаңкес қорғансыз мүгедектерді қырып салды

Жапония тарихында соңғы он жыл көлемінде мұндай аса ауыр қылмыс орын алмаған деп жазады Reuters агенттігі.

Оқиға Токиодан 40 шақырым қашықтықтағы Канагава префектурасында орын алды. Пышақпен қаруланған ер азамат түнгі 2:30 шамасында мүгедектер үйіне кіріп, ұйқыда жатқан қорғансыз жандарды бірінен-соң бірін пышақтап тастапты.

26 жастағы күдікті Сатоси Уэмацу полицияға өзі келіп берілген. Ол өзімен бірге айғақ зат ретінде пышақ толы сөмкесін де тәртіп сақшыларына өткізіпті.

Жергілікті Asahi Shimbun басылымының хабарлауынша, күдікті азамат Жапонияны мүгедектерден тазалау үшін осындай жауыздыққа барғанын айтқан көрінеді. Оқиға болған мекеме қызметкелері болса қандықол қылмыскердің бұрын дәл осы жерде жұмыс істегенін хабарлап отыр.

Оқиға орнында 15 адамның қаза тапқаны белгілі. Ауруханада тағы төрт адам көз жұмыпты. Ал, жарақат алғандар саны 45-ке дейін жетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары