15 қаңтарда Қазақстанның жеті облысында қолайсыз ауа-райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды zakon.kz.
Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан желдің секундына екпіні кей жерлерде 15-20 метрді құрайды.
Қызылорда облысында шығыстан, оңтүстік-шығыстан қатты боран тұрып, күндіз борынның екпіні - 23 м / с болады деп күтіледі.
Қостанай облысында кей жерлерде қар бұрқасындатып, тұман түседі деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боран екпіні - 15-20 м / с.
Батыс Қазақстан облысында тұман түсіп, көктайғақ болып, кей жерлерде қар бұрқасындатады деп күтіледі. Оңтүстік-шығыстан соққан боранның күші - 15-20 м / құрайды. Оралда тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын болады деп күтіледі.
Атырау облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болып, қар бұрқасындатады, оңтүстік-шығыстан, шығыстан соққан жел екпіні 15-20 м / с құрайды. Түнде Атырауда оңтүстік-шығыстан соққан жел күшейеді түседі деп болжанады.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі, 16-17 қаңтарда көктайғақ болады. 15-17 қаңтарда кей жерлерде солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20 м / с құрайды. 15 қаңтарда - күндіз, 16 қаңтарда да қатты боран тұрады: 23-28 м / с.
Таразда 15-17 қаңтар аралығында тұман түседі, ал 16-17 қаңтарда көктайғақ болады деп күтіледі. Дауылдың болу ықтималдығы 90-95% құрайды.
15-16 қаңтарда Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түседі деп күтіледі. Шығыс, оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15-20, кей жерлерде 23 м / с құрайды.