15.01.2021, 20:27

Еліміздің 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Фото: ашық дереккөзі
«Қазгидромет» Қазақстанның 6 өңірінде күн райы бұзылатынын хабарлады.

16 қаңтарда Қызылорда облысында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысып соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын, тұман болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ болады. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

16 қаңтар Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, кей жерлерде күші 15-20, күндіз екпіні 25 м/с болады. Орал қаласында 16 қаңтардатұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с болады.

16 қаңтарда Ақмола облысының кей жерлерде жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с болады. Көкшетау қаласында 16 қаңтарда оңтүстіктен жел соғады, түнде және таңертең екпіні 15 м/с болады.

16 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің бағыты оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерінде 18 м/с, түнде Мұғалжар ауаданында екпіні 23 м/с болады.

16 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде күші 15-20 м/с болады. Петропавл қаласында түнде 16 қаңтарда оңтүстіктен, оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Тегтер: ауа райы