16.01.2021, 11:05

Елордада 17 қаңтарда қоғамдық көліктер жүрмейді

фото: azattyq-ruhy.kz
Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз.

Елордада алдағы жексенбі күні қоғамдық көліктер жүрмейді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Жексенбі күні, яғни 17 қаңтарда Нұр-Сұлтан қаласында және қала маңына қатынайтын бағдарлардың қозғалысы бір күнге тоқтатылады. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі. ⠀ Айта кетейік, автобусқа бетпердесіз кіруге болмайды. Бетперде тағу режимін сақтауды сұраймыз. Жолақысы қолма-қол ақшасыз төленеді.