$ 443.37  474.49  4.83

Алексей Навальный қамауға алынды

Саясаткер шартты түрде сотталған.
Фото: rbk.ru
Фото: rbk.ru

Ресей оппозиционері Алексей Навальный Берлиннен Мәскеуге ұшып келген бойда, Шереметьево әуежайында қамауға алынды. Бұл туралы саясаткермен бірге ұшып келе жатқан Deutsche Welle тілшісі жазды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оппозиционер Берлиннен Мәскеуге кеше кешкі рейспен ұшып келді. Бұл ұшаққа билеттің көбін журналистер сатып алған еді. Ұшақ Внуковоға қону керек болатын. Бірақ әуежай техникалық жағдайға байланысты лайнерді қабылдай алмай, ол Шереметьевоға қонды.

Жалпы Алексей Навальный шартты түрде сотталғандықтан төлқұжатты тексеру орнында полицейлер оны сынақ мерзімін бұзғаны үшін ұстады. Сонымен бірге онда оппозиционердің жақтастары жиналып, тәртіп сақшылары олардың да кейбіреуін қамауға алды.

Неміс басылымы Шереметьевода Навальный отырған лайнер қонғаннан кейін Внуково әуежайы басқа ұшақтарды қайта қабылдай бастағанын атап өтті.

Еске салайық, Алексей Навальный соңғы 4 айда Германияда ем алды. Ол «Новичок» уымен уланған. Жексенбі, 17 қаңтар күні «Победа» әуекомпаниясының рейсімен Ресейге оралды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары