$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанның бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Синоптиктер 18 қаңтарда Қазақстанның бірнеше өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жариялады деп хабарлайды Қазгидромет. 

18 қаңтарда Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын күтіледі. 

Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. 

18 қаңтарда Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман болады. Солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғады, күндіз кей жерлерінде 15 м/с күтіледі. 

Күндіз 18 қаңтарда Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде жаяу бұрқасын, жел солтүстік-шығыстан соғады, күші 15-20 м/с.

Түнде 18 қаңтарда Ақмола облысында кей жерлерде жаяу бұрқасын, тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде күші 15-20 м/с болуы мүмкін. 

Көкшетау қаласында түнде 18 қаңтарда жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 15-20 м/с болады деп болжануда. 

18 қаңтарда Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі. Ақтау қаласында 18 қаңтарда түнде және таңертең тұман болуы мүмкін. 

Түнде 18 қаңтарда Солтүстік-Қазақстан облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын күтіледі.

Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20, кей жерлерінде екпіні 23-28 м/с болмақ.

Петропавлда түнде 18 қаңтарда батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күші 15-20 м/с күтіледі. 18-20 қаңтарда Жамбыл облысында кей жерлерде тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ, жаяу бұрқасын болады.

Тараз қаласында 18-20 қаңтарда кей уақытта тұман, 19-20 қаңтарда көктайғақ күтіледі.

Түнде және таңертең 20 қаңтарда оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік батыс желіне ауысады, күші 15-20 м/с болуы мүмкін.

16-18 қаңтарда Түркістан облысында кей жерлерінде тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с күтіледі. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары