$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстанға жаттығуға келген анголалық әскерилер минаға түсіп, ауруханадан бір-ақ шықты

Отарда "Гвардейский" әскери полигонында төтенше жағдай болды деп хабарлайды Tengrinews.kz ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Ангола командасындағы халықаралық әскери ойындарға арналған жаттығулар кезінде 120 миллиметрлік мина атқышы жарылған. Салдарынан бір әскери қызметкер ауыр жағдайда жатыр, ал қалғандары жеңіл жарақат алған. Зардап шеккендер Отар әскери базасындағы жекелеген медициналық жасаққа жеткізілді", - делінген хабарламада.

Қорғаныс министрлігіндегілердің айтуынша, алдын ала тергеу жұмыстары Ангола командасының 2Б11 мина атқышынан атыс жасаған кезде қауіпсіздік шараларының сақталмағанын көрсеткен.

"ҚР Қорғаныс министрі Иманғали Тасмағамбетовтың бұйрығы бойынша оның орынбасары генерал-лейтенант Оқас Сапаровтың басшылығымен комиссия құрылды. Оқас Сапаров қазір оқиға болған жерге істің мән-жайын анықтап, тексеріс жұмыстарын жүргізу үшін кетті", - деді баспасөз қызметінің өкілдері.

Осыған дейін бас судья Лут Альчекенов 13 елден құралған командаларды техника қауіпсіздігі жайлы нұсқамамен таныстырған болатын. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары