$ 498.34  519.72  4.85

Павлодар облысында ірі жол апатынан 6 адам қайтыс болды

Павлодар облысында ірі жол көлік оқиғасы орын алып, салдарынан алты адам қайтыс болды деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық ІІД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жол апаты 26 шілде күні түнгі сағат 23:00 шамасында Ленинский - Ертіс тас жолында орын алған. Қарама-қарсы бағытта келе жатқан Audi маркалы екі көліктің соқтығысуы салдарынан алты адам көз жұмды. Олардың екеуі бір жасар сәбилер. Сонымен қатар, үш әйел және көліктердің бірін тізгіндеген жүргізуші ер азамат та қайтыс болғандар қатарында. Ал, 1976 жылғы ер азамат пен 1977 жылғы әйел ауыр халде ауруханаға жеткізілген. Ал, 1999 жылғы жеткіншек қыз облыстық балалар ауруханасында ем қабылдап жатыр. Оның жағдайын дәрігерлер орташа ауыр деп бағалауда.

Бұлардан өзге жарақат тағы алты жолаушы жарақат алған. Араларында 15 және 17 жастағы балалар да бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары