18.01.2021, 16:20

«Поле чудес» телеойынының қонағы қазақтың әнін шырқап берді (ВИДЕО)

Альбина өзімен бірге 12 жастағы Эльвира Ғазизулинаны да алып келген.

Ресейлік "Поле чудес" телеойынында қазақтың "Сарыжайлау" әні орындалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан. 

Соңғы бағдарламаға Саратов облысының тұрғыны Альбина Сейітқалиева қатысты. Ол Пугачев ауданындағы Давыдовка ауылында тұрады. Мамандығы – заңгер.  

"Біздің жердің әсемдігі жайында тоқтамай айта беруге болады. Жалғыз Ырғыздың өзі Еуропадағы ең бұралаң өзен болып саналады. Ал біздің даламыз бен егістік алқаптарымыздың ұшы-қиыры жоқ. Біздің ауданымыз – ауыл шаруашылықтың көшбасшысы", - дейді Сейітқалиева.

Альбина өзімен бірге 12 жастағы Эльвира Ғазизулинаны да алып келген. Жас әнші қазақтың "Сарыжайлау" әнін орындап берді (видеода 13-ші минутта басталады).

Альбина Сейітқалиева бірінші айналымда жеңіске жетті. Бірақ финалда қарсыластары барабанды екінші рет айналдыруға мүмкіндік бермеді.

Тегтер: ән ток-шоу