$ 494.87  520.65  4.91

Коронавирус: Қазақстанда тағы бір облыс «сары» аймаққа кірді

Өңірдің бас санитар дәрігері Юрий Залыгин эпидемиологиялық жағдай ушығып жатқанын айтты.
Фото:  Тұрар Қазанғапов
Фото: Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысы коронавирус таралу көрсеткіші бойынша "сары" аймаққа кірді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Өңірдің бас санитар дәрігері Юрий Залыгин эпидемиологиялық жағдай ушығып жатқанын айтты.

"Облыста 18 қаңтардағы жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 12 782 жағдайы тіркелді. Симптомды науқастар саны 54,9 пайыз болса, симптомсыз вирус тасымалдаушылар – 45,1 пайыз болды. Эпидемиологиялық жағдай нашарлап жатыр, науқастар санының күнделікті өсуі байқалады", - деді аймақтың бас санитар дәрігері Юрий Залыгин.

Ол аурудың өршуінің алдын алу үшін барлық санитарлық талаптың сақталуын қамтамасыз ету қажет екенін еске салды.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#коронавирус