$ 494.87  520.65  4.91

Шымкентік әйел жолдасын өлтірту үшін «киллер» жалдаған

Алайда ауыр қылмыс 8 жыл дегенде ашылған. Оның өзінде əлгі əйелдің жиені қаза тапқан жездесін жиі-жиі түсінде көре берген соң, полицияға өзі барып мойындаған.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Қаладағы мектептердің бірінде психолог болып жұмыс істеген әйел жолдасының көзін құрту үшін 1 миллион теңгеге туған жиені арқылы "киллер" жалдапты. Сөйтіп, жалдамалы кісі өлтіруші отағасын жұмыстан қайтып келе жатқанда 5 жерінен пышақтаған, деп хабарлады paryz.kz, "Еуразия бірінші арнасына" сілтеме жасап. 

Бірнеше мəрте сотқа дейінгі тергеу амалдары кезінде қылмыскерлердің барлық іс-əрекеті дəлелденіп, ұзақ жылға түрмеге жабылды.

"Дəриева Тамара Тұрғынбайқызын Қылмыстық кодекстің 16 шілде 1997 жылғы нұсқасы бойынша, 28-бабының 3-бөлігі, 96-бабының 2-бөлігінің "ж", "з" тармақтарымен кінəлі деп тауып, оған 14 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын қолданды.

Ал Тілеубергенов Жеңіс Қылмыстық кодекстің 1997 жылғы нұсқасы бойынша 96-бабының 2-ші бөлігі "ж", "з" тармақтарымен кінəлі деп танылды. Оған осы аталған қылмысты жасағаны үшін 16 жыл мерзімге бос бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - деді судья Сәмиддин Темірәлиев. 

Ал тапсырысты орындаушы адамды тапқаны үшін келіншектің жиені 7 жылға сотталған.

Еске сала кетсек, бұл оқиға 2012 жылы болған. Ерлі-зайыптылар арасында жиі жанжал туындай берген соң, әйел күйеуін өлтірткен. Алайда ауыр қылмыс 8 жыл дегенде ашылған. Оның өзінде əлгі əйелдің жиені қаза тапқан жездесін жиі-жиі түсінде көре берген соң, полицияға өзі барып мойындаған. Ал бұл аралықта тапсырыс беруші келіншек жəбірленуші ретінде өтіп жүрсе, "киллер" одан бөлек тағы 2 адамды өлтіргені үшін түрмеде отырған екен. Ерлі-зайыптылардың 2 қызы бар.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары