$ 448.15  483.46  4.86

Қазақстан әскери күш-қуат жөніндегі рейтингте Өзбекстаннан қалып қойды

«Global Firepower 2021» атты қарулы күштердің кезекті рейтингі жарияланды.

Рейтинг әлемнің 138 мемлекеті арасында жүргізіліп, әскери күш-қуат жағынан үздік ондыққа – АҚШ, Ресей, Қытай, Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Франция, Ұлыбритания, Бразилия мен Пәкістан енді. Бұл тізімде Қазақстан мемлекеті 62-орынға тұрақтады. Ал ең соңғы орында - Бутан.

«Global Firepower 2021» атты қарулы күштердің кезекті рейтингінде негізгі 50 көрсеткішке негізделіп жасалды: қорғаныс саласына кететін шығын; техника мен құрал-жабдықтар арсеналы; әскер саны; танк, кеме, ұшақ пен басқа да әскери техниканың саны; мұнай өнімдеріне қолжетімділік; әскердің соғысқа қабілеттілігіне әсер ететін басқа да факторлар.

ТМД елдерінің ішінде Ресей (2), Украина (25), Беларусь (50) пен Өзбекстан (51) елдері рейтингте Қазақстаннан жоғары орналасқан.

Айта кететін бір жайт, рейтинг жасау кезінде ядролық қарудың бар-жоғы есепке алынбаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары