$ 446.49  475.38  4.79

Компания iPhone 13 шығарылымын 2022 жылға ауыстырды

Apple компаниясының S постфиксі бар соңғы смартфоны 2018 жылдың қыркүйегінде жарияланды.
Фото: ашық дереккөз
Фото: ашық дереккөз

2021 жылы Apple iPhone 12s сериялы смартфондар шығарады, бұл жайлы қытайлық China Mobile басылымы хабарлады.

Жылдың екінші жартысына жоспарланған смартфондар, қазіргі актуалды құрылғыларынан сәл өзгеше болады. Инсайдерлердің айтуынша, Apple компаниясы iPhone 13 атауынан бас тарту туралы шешім қабылдаған. Компания iPhone 13 шығарылымын 2022 жылға ауыстырып, 2021 жылы iPhone 12s құрылғылар сериясын ұсынады.

Журналистер келесі буын құрылғыларында Face ID сенсорына экранның кішірейтілген кескіні мен 120 герц жаңарту жиілігі бар дисплей болатынын атап өтті. Сондай-ақ, желінің барлық смартфондарында, тек ең қымбаттары ғана емес, лидары бар камералы болады. Жаңа гаджеттер Apple A15 Bionic чипімен шығарылады.

Сонымен қатар, компания 2020 жылдағыдай құрылғылардың санын өзгертпей, iPhone 12s, 12s mini, 12s Pro және 12s Pro Max құрылғыларын шығаруы мүмкін.

Apple компаниясының S постфиксі бар соңғы смартфоны 2018 жылдың қыркүйегінде жарияланды. Бұл iPhone Xs, өз кезегінде 2017 жылы шығарылған iPhone X-тің жетілдірілген нұсқасы болатын.

Бұған дейін беделді инсайдер Мин-Чи Ко (Ming-Chi Kuo) Apple смартфондарының жаңа желісі нарыққа кідіріссіз шығатынын мәлімдеді. Компания iPhone 12 сериясының шығарылуында пандемияға байланысты туындаған мәселелерді ескеріп, жаңа смартфондарды уақытында ұсынуға ниетті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

#iPhone #Apple #айфон