$ 494.87  520.65  4.91

«Қызыл» аймаққа тағы бір облыс кірді

19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

19 қаңтарда коронавирус инфекциясының таралу деңгейі бойынша «қызыл» аймаққа Солтүстік Қазақстан облысы енді. Бұл туралы Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтты.

«Денсаулық сақтау министрлігі елдегі эпидемиологиялық ахуалға күн сайын талдау жүргізіп отыр. Жыл басталғалы «сары» аймақтан «қызыл» аймаққа үш өңір - Қостанай, Павлодар облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы өтті. «Жасыл» аймақтан «сары» аймаққа Алматы мен Қарағанды облыстары өтті. Осылайша, 19 қаңтардағы жағдай бойынша «қызыл» аймақта 6 өңір тұр: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан қаласы», - деді Алексей Цой.

Министрдің айтуынша, «сары» аймақта үш өңір бар: БҚО, Алматы мен Қарағанды облыстары. Қалған 8 өңір - «жасыл» аймақта.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары