$ 494.87  520.65  4.91

Еліміздің қай өңірлерінде блок-бекеттер орнатылды

Карантиндік шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қатысады.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев коронавирустың таралуына байланысты Қазақстанда 34 блок-бекет орнатылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Министр еліміздегі коронавирустың таралуын болдырмау үшін жасалып жатқан шаралардың бірқатарына тоқталды. 

"Министрлік бұрынғы режимде елдегі тәртіпті қадағалап, денсаулық сақтау органдарына шектеу шараларын сақтауда көмек көрсетуді жалғастыруда. Бүгінгі күні санитарлық инспекторлардың шешімдері негізінде кейбір аймақтарда 15 бақылау бекеттері құрылды. Алматы облысында тоғыз, Костанайда төртеу, Ақтөбеде екеу және Атырау облысында төрт блок-бекет бар. Карантиндік шараларға 10 мыңнан астам полиция мен Ұлттық ұланның әскери қызметкерлері қатысады. 290 карантиндік нысандар қоршауға алынды", - деді Тұрғымбаев үкімет отырысында.

Еске салсақ, осыған дейін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой наурыз айында елімізде коронавирустың таралу қарқынына қатысты болжамдарын ұсынды. Оның сөзінше, тәулігіне 6-9 мың адам коронавирус жұқтыруы мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары