Қазақстанда жеті облыс аумағында қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.
20 қаңтарда Ақмола облысында басым бөлігінде күндіз қар жаууы ықтимал. Кей жерлерде жаяу бұрқасын соғады, тұман түсуі мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
Көкшетауда ертең таңертең және күндіз жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні 15 м/с жетеді.
20 қаңтарда Қостанай>облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғуы мүмкін. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді.
20 қаңтарда Қарағанды> облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғуы ықтимал. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанда қаласында ертең күндіз оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.
20 қаңтарда Солтүстік Қазақстан> облысының күндіз басым бөлігінде қар жауады. Кей жерлерде тұман түсіп, бұрқасын соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде кей жерлерде 15-20 м/с күшейіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді.
Петропавлда ертең күндіз боран соғады. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, түнде екпіні 15-20 м/с жетіп, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді.
20 қаңтарда Түркістан> облысында кей жерлерінде тұман түседі, оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
20 қаңтарда Қызылорда> облысының кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады.
Қызылорда қаласында ертең көктайғақ болуы мүмкін.
20 қаңтар Батыс Қазақстан> облысының кей жерлерінде тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады.
Ертең Оралда тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.