ҚР Денсаулық сақтау министрлігі 20 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстандағы коронавирус инфекциясына шалдығушылар туралы мәліметпен бөлісті, деп хабарлайды zakon.kz.
Ақпаратқа сәйкес, коронавирустың салдарынан өткен тәулікте 8 адам, КВИ белгілері бар пневмониядан 3 адам қайтыс болды.
20 қаңтардағы мәлімет бойынша, бүгінгі таңда 25 038 адам короновирус инфекциясынан (13 404 КВИ+ және 11 643 КВИ-) емделіп жатыр, олардың ішінде 6 522 науқас стационарда, 18 516 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.
КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 307 адамның жағдайы ауыр; • 61 пнауқастың жағдайы өте ауыр; • 34 науқас ӨЖЖ аппаратына қосылған.
COVID-19 белгілері бар пневмония туралы мәліметтер
18 қаңтардағы жағдай бойынша оның 118 дерегі тіркелді, 3 жағдай өліммен аяқталды. 149 адам емделіп, ауруынан жазылды.
2020 жылдың 1 тамызынан бастап тіркелген деректер: COVID-19 белгілері бар пневмонияға шалдыққандардың жалпы саны - 46 984, кісі өлімі - 545, емделіп, жазылғандардың жалпы саны - 34 805.