20.01.2021, 11:00

Елдегі жауапты хатшылар жұмыссыз қалды

фото: turkystan.kz
Президент былтыр қыркүйектегі жолдауында жауапты хатшылар институтын сынаған.

 Елдегі жауапты хатшылар жұмыссыз қалды. Осылайша бүгін сегіз министрліктің әкімшілік-кадрлық шаруасымен айналысып жүрген бұл институтты тарату туралы президенттің өкімі күшіне енді, деп хабарлайды КТК арнасы.    Президент былтыр қыркүйектегі жолдауында жауапты хатшылар институтын сынаған. Соған байланысты бұл шенеуніктердің сұрыбынан мүлдем бас тартуға тапсырма берген болатын. Жыл соңына дейін депутаттар заң қабылдап,  бүгін жауапты хатшылар өкілеттігі тоқтатылды. Бұған дейінгі талап бойынша министрліктегі жауапты хатшыларды президент тікелей тағайындайтын. Енді әкімшілік-кадрлық шаруа аппарат басшыларына жүктеледі. Жалпы екі жыл көлемінде елдегі мемлекеттік қызметкерлердің 25 пайызын қысқарту жоспарланған.