$ 498.34  519.72  4.85

Алматыда Сафар Шәкеевтің мәйіті табылды

Танымал әнші әрі сазгер Еркеш Шәкеевтің ұлының қайтыс болғаны анықталды. Сафар Шәкеевтің мәйітін құтқарушылар бүгін су астынан тапты. Бұл туралы Алматы қалалық ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек мәлімдеді.

Сүңгуірлер мәйітті Есентай өзенінен түбінен алып шықты. Оның Сафар Шәкеев екендігі қалтасынан табылған құжаттарды және киімдерін тексеруден кейін белгілі болған.

Естеріңізге салайық, Сафар Шәкеев 16 шілде күні таңғы сағат 7-лер шамасында жоғалып кеткен болатын. Оны соңғы рет отырыста бірге болған достары көрген. Сафар сол отырыстан шығып, "Казкоммерцбанктің" орталық ғимараты маңынан өтіп бара жатқан кезде назарға ілініпті, одан кейін із-түссіз жоғалған.

25 жастағы ер жігітті іздеуге жүзден астам полицей мен көптеген ерікті азаматтар қатысты. Сонымен қатар, тәртіп сақшылары тікұшақты да іске қосқан болатын. Ал, ұлы туралы ақпарат берген адамға Еркеш Шәкеев 10 млн теңге беретінін мәлімдеді.

Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама Сафардың неден қайтыс болғанын анықтауға кірісті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары