Оқиға бүгін таңертеңгі сағат жетілер шамасында Шымкент іргесіндегі Тоғыс елдімекенінде орын алған. Mercedes маркалы жеңіл автокөлікті тізгіндеген 20 жастағы жас жігіт аялдамада автобус күтіп тұрған бір топ адамды қағып кеткен деп хабарлайд ОҚО ІІД баспасөз қызметі.
Оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары Mercedes жүргізушісінің Ленгер қаласына қарай бағыт алғанын анықтапты. Жоғары жылдамдықпен келе жатқан ол тізгінге ие бола алмай, аялдамаға барып соқтығысқан. Салдарынан 1966 жылғы әйел мен 1977 жылғы ер азамат сол жерде көз жұмса, 1984, 1986 және 1992 жылы туған үш жолаушы ауруханаға жеткізіліпті. Олардың екеуін дәрігерлер үйіне қайтарған.
Қазіргі таңда Mercedes жүргізушісі қамауға алынып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Ол өз кінәсін толық мойындады дейді полицейлер.