Елбасының кіші қызы Әлия Назарбаева желідегі парақшасында көпшіліктің назарын аударарлық жазба жариялады. Сөзінше, оған көмек сұрап хат жазатындар көп екен, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Мәселен, Әлия Нұрсұлтанқызынан бір желі қолданушысы "15 млн теңге" сұраған. Әлгі көмек сұраушының хатын ол желіге жүктеп, бәріне бірдей көмектесе алмайтынын жеткізді.
⠀
"Маған күнделікті көптеген адам көмек сұрап жазады!
⠀
Өзімнің көзқарасымды нақты айқындағым келеді: мен барлық адамдардың қажеттіліктері мен мұқтаждықтарын орындай алмаймын.
⠀
Мен қоғамдық маңызы бар нәрселермен айналысамын, бизнес және қайырымдылық жобалары бар, бірақ қайырымдылықты да Қордың сайтында көрсетілген шарттарға сәйкес көрсетеміз!
⠀
Біз тұрғын үй мәселелерін шешпейміз, жұмысқа орналастырмаймыз, мемлекеттік органдардың істеріне араласпаймыз.
⠀
Егер сіз ешкімнің өтінімінен бас тартпасаңыз, ол игілікті іспен айналысасыз дегенді білдірмейді! Кейде бас тарту - ол өзіңнің ниеттеріңе берік болу!
⠀
Ал ниеттерім менің күрделі емес: экология және білім жолында еңбектену!", - деп жазды Әлия Назарбаева.