Жаңалықтар 22.01.2021 сағат 17:20

Болат Назарбаевтың қоры Оралдағы зағиптарға көмек берді

Бүгінгі таңда 130-дан астам аз қамтылған отбасы Қордың қамқорлығында.
Болат Назарбаевтың қоры Оралдағы зағиптарға көмек берді
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

«Салиқалы ұрпақ» қоры Оралдағы көру мүшесі зақымдалған мүгедектертің “Жайық” қоғамдық бірлестігіне көмек қолын созып, оларға өз істерін дамыту үшін тігін жабдықтарын табыс етті, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

20 қаңтарда өткен салтанатты шараға Орал қаласы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов, «Салиқалы ұрпақ» қоғамдық қорының директоры Қасым Қасабеков, «Жайық» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Данияр Қадырбеков және т.б. қатысты. 

«Жайық» қоғамдық бірлестігінің құрамына көру мүшесі зақымдалған 35 жасқа дейінгі 30 шақты азамат кіреді. Олар жұмысқа тұрудың қиындығы себепті «Салиқалы ұрпақ» қорынан өз істерін бастау үшін тігін жабдықтарын сатып алуға көмек сұрады. Осы жабдықтардың көмегімен жастар сатылымға жарамды дүниелер тігіп, жұмыс орындарын ашуды жоспарлап отыр.

"Салиқалы ұрпақ" қоғамдық қоры көру мүшесі зақымданған жандарға тігуге арналған құрал-жабдықтар мен 21 тігін машинасын табыс етті. Бұндағы басты мақсатымыз - зағип жандарымыз өздерінің кәсібін ашып, табыс тапса екен деген ниет", - деді қор директоры Қ.Қасабеков.

«Жайық» қоғамдық қорының төрағасы Данияр Қадырбеков қор басшылығына алғысын жеткізді. 

Естеріңізге сала кетейік, Болат Назарбаевтың «Салиқалы ұрпақ» қоры 2016 жылдың сәуірінде құрылған. Қордың жұмысы нақты әлеуметтік және қоғамдық проблемаларды шешуге бағытталған. Атап айтқанда, тағдыры тәлкекке ұшыраған балалар мен жасөспірімдерге арналған жобалар жүзеге асырылуда. Оған қоса, қор ай сайын Алматы қаласы және Алматы облысындағы аз қамтылған отбасылар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға қаржылай қолдау көрсетеді және азық-түлікпен қамтиды.

Тағы оқи отырыңыз: 1 000 мұқтаж отбасының балаларына Болат Назарбаев қорынан жаңа ноутбуктер берілді
 

Бүгінгі таңда 130-дан астам аз қамтылған отбасы Қордың қамқорлығында. Қор жанында жұмыс істейтін «Береке үйі» пансионатында жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған 30 бала тәрбиеленіп жатыр. Қоғамдық қордың қызметі туралы қосымша ақпаратты saliqaly.kz ресми сайтынан оқыңыз. 

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар