Алексей Навальныйдың жақтастары ұйымдастырған бірнеше жүз адамның санкцияланбаған әрекеттері Қиыр Шығыста өтті, тәртіп бұзғаны үшін бірнеше адам ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz РИА Новости басылымына сілтеп.
Хабаровскідегі Ленин алаңына 250-ге жуық адам жиналды, деп хабарлады қала әкімдігі. Рұқсат етілмеген акция жергілікті уақыт бойынша сағат 12-де басталды. Жеркілікті басылмның хабарлауынша, полиция қызметкерлері дауыс зорайтқыштар арқылы тұрғындарға акцияның келісілмегенін, жиналғандарды таратуды сұрағанын, бірақ митингілер талаптарға бағынбағанын ескертті.
Акцияның кейбір қатысушылары ұрандар айтты. Заң бұзғаны үшін бірнеше адам ұсталды, полицияның саны туралы нақты мәліметтер жоқ.
Приморск өлкесінің ішкі саясат департаментінде алдын ала мәліметтер бойынша, Владивостоктағы санкцияланбаған митингке 300-ге жуық адам, одан кейінгі шеруге 500-ге жуық адам, оның ішінде митингке қатысушылар қатысты.
Сонымен қатар, ресейлік танымал оппозиция өкілін қолдағандар Мәскеу қаласында да жиналды. Жергілікті басылымдардың мәліметінше, алаңға жиналғанғандар саны 4000 мыңнан асып жығылады.
Заңсыз митингке шыққандар полиция тарапынан аяусыз қысым көрсе де қарсылық танытып жатыр. Олар құқық қорғау өкілдеріне қар лақтырып, ұрандарын айқайлауды тоқтатар емес. Алаңға шыққан қалың көпшілік жол қозғалысын тоқтатып тастаған.
Айта кетейік, Ресейлік оппозиционер Алексей Навальный Германиядан Ресейге оралды. "Новичок" деген әскери препаратпен уланғаннан кейін ол шетелде бес айға жуық уақыт емделген. Бірақ тура аэропортта ұстап, полиция алып кеткен еді. Отыз тәулікке қамауға алынған Алексей Навальный түрмеде отырса да Кремльдегілерге түк тыныштық бермейтін түрі бар. Кеше оппозиционердің ютубтағы арнасында "Путинге арналған сарай, ең үлкен жемқорлық тарихы" атты екі сағаттық фильм жарияланды.