Жаңалықтар 23.01.2021 сағат 21:45

Семейде 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп ажал құшты

Жасөспірімнің көпір жақтауына шығып, құлаған сәті өтіп ара жатқан жүргіншілердің бірінің видеокамерасына кездейсоқ түсіп қалған.
Семейде 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп ажал құшты
Фото: видеодан скриншот
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Семейде 17 жастағы жасөспірім көпірден секіріп қайтыс болды. Қайғылы оқиғаны көпір үстінде көлікпен өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі кездейсоқ түсіріп алған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.   

Қайғылы оқиға 22 қаңтар күні сағат 17.30 шамасында болған. Куәгерлердің айтуынша, бозбала көпірдің ортасына дейін жылдам басып жүріп келген соң бірден көпір жақтауына шыға сала, төменге құлап кеткен.

Жасөспірімнің көпір жақтауына шығып, құлаған сәті өтіп ара жатқан жүргіншілердің бірінің видеокамерасына кездейсоқ түсіп қалған.    

«Қазіргі уақытта Орталық полиция бөлімі ҚР ҚК-нің 105-бабының 3-бөлім 1-тармағында көзделген қылмыстық құқықбұзушылық құрамы – Кәмелетке толмаған адамға қатысты жасалған өзін-өзі өлтіруге дейін жеткізу белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады», - делінген облыстық ПД хабарламасында.

Бозбала оқиға орнында көз жұмды. Полиция өкілдері тергеу амалдарына байланысты оқиғаның жай-жапсары жария етілмейтінін айтты.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар