Семей қалалық мәслихаты депутаттарының медициналық маскасыз әрі арақашықтық сақтамай түскен суретіне қатысты ШҚО Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті пікір білдірді, деп хабарлады paryz.kz, arnapress.kz-ке сілтеме жасап.
Ведомствоның хабарлауынша, фотосессия жасалған сәтте өңірлік бас санитар дәрігердің қаулысы күшінде болған. Қаулыда жабық ғимараттарда міндетті түрде маска режимі мен кем дегенде 2 метр әлеуметтік арақашықтық талабы сақталу керек екені жазылған. Қазір аталған факті бойынша санитарлық дәрігерлер тексеріс жүргізуде.
"Нәтижесі бойынша кінәлі адамдарға ҚР Әкімшілік құқық бұзу туралы кодексінің 425-бабы, 1-бөлімі ("Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу") бойынша әкімшілік сипаттағы шаралар қабылданатын болады", – деп хабардар етті департамент.
Сонымен бірге, мамандар азаматтарға үндеу жасап, қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырды.