Жаңалықтар 24.01.2021 сағат 12:49

Танымал қазақстандық шаңғышы жол апатынан көз жұмды

Спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.
Танымал қазақстандық шаңғышы жол апатынан көз жұмды
Фото: inform. kz
Бөлісу
Бөлісу
Бөлісу

Танымал қазақстандық шаңғышы Николай Чеботько жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанның шаңғы жарысының ұлттық федерациясы Instagram -дағы парақшасында Қазақстан Республикасына еңбек сіңірген спорт шебері Николай Чеботько қайғылы оқиға салдарынан көз жұмғаны хабарланды.

«Барша спорт қоғамдастығы атынан Николайдың туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамыз», - деп жазды федерация өкілдері.

Сонымен қатар Olympic.kz сайтында әлем чемпионатының қола жүлдегері 38 жастағы Николай Чеботько 24 қаңтарға қараған түні Бурабай ауылы маңында (Ақмола облысы) жол апатынан көз жұмғаны хабарланды.

«Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті барлық спорттық қауымдастық атынан спортшының жақындары мен туыстарына қайғыра көңіл айтады. Николай Чеботько талантты шаңғышы, олимпиадашы және жарқын жүзді адам ретінде мәңгі жүрегімізде сақталады», - деп жазылған сайтта.

Шаңғы спортынан 2013 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері, төрт бірдей Олимпиада ойындарының қатысушысы. Үлкен спорттағы ең ірі жетістігіне Николай Чеботько 2013 жылы қол жеткізді. Ол сол жылы Валь-де-Фьеммеде өткен әлем чемпионатында командалық спринт бойынша үздік үштікке енген. Сондай-ақ, спортшы Азия ойындарында үш алтын, төрт күміс және екі қола медаль жеңіп алған.

Оқи отырыңыз

загрузка...

Соңғы жаңалықтар

Аптасына бір рет ең танымал мақалалардың дайджесін жібереміз

Қызықты материалдар