$ 494.87  520.65  4.91

«Асылып өлу, тамырымды кесу ойымда жоқ»: абақтыда отқан Навальный мәлімдеме жасады

Ол Путин туралы шығарған фильмін ешкім көрмей қоя ма деп уайымдағанын жасырмады.
Фото: видеодан скриншот
Фото: видеодан скриншот

Абақтыға 30 тәулікке қамалған Алексей Навальный күні кеше алаңға шығып, өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, ол өлім туралы мүлдем ойлап жатқан жоқ екенін instagram парақшасында жазды.

«Алда-жалда болып кетпес үшін айтайын. Терезеге асылып өлу, тамырымды кесіп жіберу, қасықты қайрап тамағымды кесу менің жоспарыма кірмейді. Баспалдақпен абайлап жүріп жүрмін.

Күнде қан қысымымды өлшеп жатыр — ол тура ғарышкерлердікіндей, яғни аяқ астынан жүрегім тоқтап қалуы мүмкін емес. Самогон ішпеймін, рафаэло да жеп жатқан жоқпын.
Психоэмоционалдық жай-күйім толықтай тұрақты.

Түрменің сыртында көптеген жақсы адамның барын және маған көмек келетінін жақсы білемін», — деп жазды оппозиционер.
Ол сондай-ақ,

Путин туралы шығарған фильмін ешкім көрмей қоя ма деп уайымдағанын жасырмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары