24.01.2021, 15:32

«Асылып өлу, тамырымды кесу ойымда жоқ»: абақтыда отқан Навальный мәлімдеме жасады

Фото: видеодан скриншот
Ол Путин туралы шығарған фильмін ешкім көрмей қоя ма деп уайымдағанын жасырмады.

Абақтыға 30 тәулікке қамалған Алексей Навальный күні кеше алаңға шығып, өзіне қолдау көрсеткен жандарға алғыс айтты. Сондай-ақ, ол өлім туралы мүлдем ойлап жатқан жоқ екенін instagram парақшасында жазды.

«Алда-жалда болып кетпес үшін айтайын. Терезеге асылып өлу, тамырымды кесіп жіберу, қасықты қайрап тамағымды кесу менің жоспарыма кірмейді. Баспалдақпен абайлап жүріп жүрмін.

Күнде қан қысымымды өлшеп жатыр — ол тура ғарышкерлердікіндей, яғни аяқ астынан жүрегім тоқтап қалуы мүмкін емес. Самогон ішпеймін, рафаэло да жеп жатқан жоқпын. Психоэмоционалдық жай-күйім толықтай тұрақты.

Түрменің сыртында көптеген жақсы адамның барын және маған көмек келетінін жақсы білемін», — деп жазды оппозиционер. Ол сондай-ақ,

Путин туралы шығарған фильмін ешкім көрмей қоя ма деп уайымдағанын жасырмады.