Нұр-Сұлтан Алтай Көлгінов бас қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктердің бағасын төмендету жұмыстары жайлы Instagram парақшасында жазды.
"Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын төмендету бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ең бастысы қала тұрғындарына сапалы отандық азық-түлікті алу мүмкіндігін жасау.
Ақмола облысының ауылшаруашылық, атап айтқанда сиыр және құс етін, сүт, жұмыртқа, т.б. өнімдерін өндірушілерімен кездестім. Осы саладағы өзекті мәселерерді талқылап, олардың идеялары мен ұсыныстарын тыңдадым.
Әрбір өндірушімен делдалсыз ынтамақтаса отырып, әкімшілік кедергілерді жоямыз.
Елорданың азық-түлік қауіпсіздігі негізгі мәселе екені карантин кезінде білінді. Өнімді өндіріп қана қоймай, оны дұрыс сақтай білу де керек. Жеке инвесторлардың есебінен төрт бірдей ірі көтерме-тарату орталығынның және көкөніс сақтау қоймаларының құрылысы жүргізіліп жатыр", - деп жазды қала әкімі.
А.Көлгіновтың айтуынша, отандық өндірушілерді қолдау аса маңызды.