Сирияның Идлиб провинциясында ресейлік Ми-8 тікұшағы құлатылды. Оның бортында экипаждың үш мүшесі болған, екеуі офицер. Бұл туралы Lenta.ru порталы хабарлады.РФ Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, тікұшақ Алеппо қаласына гуманитарлық көмек жеткізіп, Хмеймим қаласындағы базаға қайтар жолда жерден шабуылға ұшыраған.
Экипаж мүшелерінің тағдыры әлі белгісіз дегенімен, тікұшақты атып құлатқан содырлар өлі жауынгерлердің суреттері мен бейнематериалдарын Twitter әлеуметтік желісіне жүктеп жатыр. Сонымен қатар, экипаж мүшелеріне тиесілі жеке заттардың суреттері де жарияланды.
Жеке заттардың ішінде бір ер және бір әйел азаматына тиесілі жүргізуші куәліктері және икона бар.
Мұнан кейін РФ президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ми-8 бортында болған үш адамның бәрі де қаза тапқанын мәлімдеді.