25.01.2021, 10:20

COVID-19: Қазақстан «қызыл» аймақта тұр

Фото: ашық дереккөзі
Матрицаға сәйкес, Қазақстанның «қызыл» аймаққа енгені жарияланды.

Денсаулық сақтау министрлігі 25 қаңтардағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасын жариялады. Бағалай матрицасына сәйкес, Қазақстанның сегіз өңірі «қызыл» аймаққа енді.

«Қызыл» аймаққа: Ақмола, Павлодар, Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан облыстары мен Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары.

Ал «сары» аймақта Қарағанды мен Алматы облысы бар.

Матрицаға сәйкес, Қазақстанның «қызыл» аймаққа енгені жарияланды. Қалған өңірлердің бәрі «жасыл» аймақта орналасқан.

Еске сала кетейік, соңғы тәулікте Қазақстанда 1 480 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.