Шығыс Қазақстан облысының бүкіл аумағында 25 қаңтардан 7 ақпанға дейін шектеу шаралары күшейтілді.
«Шығыс Қазақстан облысының аумағында 2021 жылдың 25 қаңтарынан бастап 7 ақпанға дейін шаруашылық және өзге де қызметтер, халықтың тыныс-тіршілігінің ерекше жағдайларымен шектеу шаралары ұзартылсын. Шектеу шараларының режимі мен мерзімі облыс аумағында COVID-19 таралуы бойынша ахуалдың өзгеруіне сәйкес қайта қаралуы мүмкін», - делінген жаңа қаулыда.
Оған сәйкес, Шығыс Қазақстан облысының сыртқы шекарасында кіріп-шығуды бақылау үшін Павлордар облысы жағынан 2 санитарлық бекет жұмыс істейді. Сонымен қатар, "Ауыл", "Уба", "Бақты", "Майқапшағай" өткізу пунктерінде (Шемонаиха, Бородулиха, Үржар, Зайсан аудандары – 1 бірліктен) Қазақстанның мемлекеттік шекарасы арқылы автоөткелдерде 4 санитарлық бекет қойылады.
«Растайтын құжаттарды көрсеткен жағдайда, осы қаулының 1 қосымшасында көрсетілген адамдарды қоспағанда, азаматтардың облыс аумағына кіріп-шығуына тыйым салынсын», - делінген қаулыда.
Азаматтардың жекелеген санаттарына санитарлық бекет арқылы кіру немесе шығуға рұқсат қала немесе ауданның жергілікті атқарушы органының шешімімен берілуі мүмкін.
Санитарлық бекеттерде адамдардың дене қызуы тексеріліп, сауалнама жүргізіледі. Инфекциялық ауру белгілері бар адамдар анықталса, жедел жәрдем шақырылады.