$ 449.58  486.94  4.86

Семей қаласына жаңа әкім тағайындалды

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлан ауданының әкімі лауазымын атқарған.
Фото: inform.kz
Фото: inform.kz

ШҚО әкімі Даниал Ахметовтың өкімімен Семей қаласының әкімі қызметіне Нұрымбет Сақтағанов тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Нұрымбет Аманұлы 1970 жылы 6 тамызда Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген.

Қызылорда педагогикалық институтын, Қызылорда аграрлық-техникалық колледжін, МЭСА дистанциялық білім беру институтын, МЭСА Қызылорда экономика, статистика және ақпарат институтын мұғалім, бухгалтер, заңгер мамандықтары бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын институт бітіргеннен кейін 1992 жылы Қызылордадағы №172 орта мектепте мұғалім болып бастады.

1993-1994 жылдары ҚР ҚК қатарында болып, әскерден кейін Қызылордадағы №9 орта мектепте жұмысын жалғастырды. 1

995-2001 жылдары Қызылорда облысы бойынша кеден басқармасының инспекторы, аға инспекторы, бас инспекторы, бөлім бастығы, бөлім бастығының орынбасары болып жұмыс істеді.

2001-2006 жылдары кеден комитетінде бас инспектор, төрағаның көмекшісі, бөлім бастығы болды.

2006-2007 жылдары ҚР Парламентіндегі Үкімет өкілдігінің бас инспекторы, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінде бөлім бастығы, министрдің кеңесшісі қызметтерін атқарды.

2007-2010 жылдары Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің көші-қон комитеті төрағасының орынбасары болды.

2010-2012 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімінің мемлекеттік инспекторы, ал 2012-2015 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2015-2018 жылдары ШҚО әкімінің бірінші орынбасары болды. 2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Ұлан ауданының әкімі лауазымын атқарған

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары