Ертең, яғни 26 қаңтарда, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген құрамдағы отырысы өтеді. Онлайн форматта өтетін жиында елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының 2020 жылғы қорытындылары мен алдағы жоспары талқыланбақ.
Бұқаралық ақпарат құралдарының аккредитациядан өткен өкілдері аталған іс-шараны «Қазмедиа орталығынан» дер кезінде таратуға мүмкіндік алады.
Еске сала кетейік, соңғы рет Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы 2020 жылдың 24 қаңтарында өткен еді. ҚР Президенті сонда мемлекеттік қызметкердің қымбат көлік пен жиһаз сатып алуына мораторий жариялауды ұсынды.