$ 448.15  483.46  4.86

Қуат Хамитовтың бас бостандығы шектелді

Спортшы өткен жылдың қыркүйегінде тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын.
фото: inform.kz
фото: inform.kz

Аралас жекпе-жек файтері Қуат Хамитовке қатысты сот үкімі шықты. Ол 6 айға бас бостандығынан шектелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Қуат Хамитовтың қылмыстық ісі Алмалы аудандық сотында қаралды. Сот файтердің бұрын жауапқа тартылмағанын және өз кінәсін толық мойындағанын ескерді.

Айта кетейік, бұған дейін Хамитов сотта соңғы сөзін айтқан болатын. 

"Қандай жаза тағайындалса да мен шетелге шығуға мүмкіндік беруді сұраймын, себебі мен елімнің намысын қорғаймын", - деді Қуат Хамитов. 

Бұған дейін Хамитовке қатысты сот отырысы 18 қаңтарда өткен болатын. 

"Алмалы аудандық сотында ҚР ҚК-нің 272-бабының 3-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдікпен Қ.Хамитовке қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр", - делінген сот хабарламасында.

Тағы оқи отырыңыз: Қуат Хамитов сотта соңғы сөзін айтты

Қылмыстық кодекстің 272-бабының 3-бөлігі - "Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақыру не жаппай тәртіпсіздікке арандату, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақыру" санкциясы үш жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді.

Еске салайық, спортшы өткен жылдың қыркүйегінде тікұшақтарды атуға және дезинфекторларды ұруға шақырған болатын. Ал 20 қаңтарда Қуат Хамитов Интернетке қосыла алмай, сот отырысы кейінге қалған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары