$ 443.85  474.3  4.8

1 қаңтардан бастап дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығы көтерілетін болды

Бұл туралы facebook-те ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды.
Фото: ашық дереккөзі
Фото: ашық дереккөзі

2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап балабақшалар, мектептер мен колледждердегі дене шынықтыру мұғалімдерінің айлығына жаңа қосымша ақы тағайындалды. Енді дене шынықтыру мұғалімдерінің еңбекақысына ай сайын қосымша 17 697 теңге төленетін болады, деп хабарлайды zakon.kz.

Бұл туралы facebook-те ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов жазды.

Осы ретте дене шынықтыру мұғалімдерінің функционалы кеңейіп отыр. Мұғалімдер әдетте өткізетін дене шынықтыру сабақтарынан бөлек, қосымша спорттық-сауықтыру сабақтарын, яғни секциялар өткізетін болады. Әр мұғалім қосымша секциялық сабақтар өткізеді, сәйкесінше балалар мектептегі қажетті жабдықтарының болуына байланысты түрлі спорт секцияларына қатыса алады. Балаларды спорт секциялары арқылы қосымша сабақтарға тарту – салауатты өмір салтын қалыптастыру, білім алушыларды спортқа баулу және олардың денсаулығын нығайту бойынша берілген Мемелекет басшысы Қ. К. Тоқаевтың тапсырмаларының шеңберінде басқа да кешенді шаралар қабылданады, делінген жазбада.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары