$ 449.58  486.94  4.86

«Бірыңғай онлайн білім платформасы әлі құрылған жоқ» - депутат

Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік субсидиялауға деген тұрақты қажеттілікке қарамастан, қызметтің негізгі бағытына зиян келтіретін сыртқы жобаларды дамытуға қомақты қаражат жұмсалады.
фото: pixabay.com
фото: pixabay.com

Президент тапсырғалы 4 ай өтсе де бірыңғай онлайн білім платформасы әлі құрылған жоқ. Сондықтан оқушылар білім алу үшін түрлі қосымшаларды қолдануға мәжбүр, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы, astanatv.kz-ке сілтеме жасап.

 Бүгін сенатор Ольга Перепечина, парламенттің жоғары палатасындағы жиында осы мәселені көтерді. Оның айтуынша атқаратын қызметі «Күнделікке» ұқсас, бірақ ақылы платформалар баршылық. Оны кей білім басқармалары бюджет қаражатын жұмсап, қолданып отырғанын жеткізді.

«Ұстаздармен қатар ата-ана, балалар түрлі платформада жұмыс істеу ауыр екенін айтады. Кейде таңдау болмайды, белгілі біреуіне кіру қажет. Артынша үлгерімді қайдан, қалай бақылауға болады деген сұрақ әбігерге салды», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ольга Перепечина.

  Ал, сенатор Сағындық Лұқпанов болса, елдегі теміржол саласын сынға алды. «Қазақстан Темір Жолына» тиесілі вагондардың тозығы жеткен, ал жылдамдығы көрші мемлекеттермен салыстырғанда әлдеқайда баяу жүреді, дейді. Саладағы негізгі оператордың сыртқы қарызына да алаңдатушылық білдірді. Оның дерегінше берешек бүгінгі күні 1,9 млрд теңгеге жеткен. 

«Теміржол саласын дамыту жөніндегі бағдарламалық құжаттарда айқындалған мақсаттар мен міндеттердің прогрессивтілігіне қарамастан, оларды іске асыру жеткіліксіз қарқынмен жүргізіліп жатыр. Ұзақ уақыт бойы мемлекеттік субсидиялауға деген тұрақты қажеттілікке қарамастан, қызметтің негізгі бағытына зиян келтіретін сыртқы жобаларды дамытуға қомақты қаражат жұмсалады», - деді ҚР Парламенті Сенатының депутаты Сағындық Лұқпанов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары