29.01.2021, 14:40

Демалыс күндеріне арналған ауа райы болжамы

Фото: ашық дереккөзі
Көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қазақстан бойынша 30 қаңтар-1 ақпан аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпараттық порталы.

«Қазгидромет» РМК баспасөз қызметінің мәліметінше, атмосфералық фронттар республиканың солтүстік-батыс, батыс және оңтүстік аймақтарына әсер етеді.

Жаңбыр мен қар жауады.

Көктайғақ болып, жел күшейеді.

Қазақстанның қалған аумағында жауын-шашын жаумайды, күн ашық. Республика бойынша кей жерлерде тұман байқалады.