$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекет басшысы Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңес отырысын өткізді

Мемлекет басшысы күнтәртібіндегі мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, оларды жүзеге асырға қатысты нақты көзқарасын білдірді.
Фото: akorda.kz
Фото: akorda.kz

Ақордада Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Реформалар жөніндегі жоғарғы кеңестің үшінші отырысы өтті. Бұл жайында Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Іс-шараның күнтәртібіне Қазақстан Республикасын 2025 жылға дейін дамытудың ұлттық жоспарын, мемлекеттік жоспарлаудың жаңа жүйесін, 2030 жылға дейін мемлекеттік бсқаруды дамыту тұжырымдамасын, 2021-2025 жылдарға арналған жекешелендіру жоспарын әзірлеу, сонымен қатар шұғыл реформалар топтамасы мен халықтың ұлттық санағын өткізу мәселелері кірді.

Отырыста Премьер-Министр Асқар Мамин, Президент Әкімшілігі басшысының орынбасары Тимур Сүлейменов, Стратегиялық жоспарлау және ревормалар жөніндегі агенттік төрағасы Қайрат Келімбетов, Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Анар Жайылғанова баяндама жасады.

Кеңес мүшелерінің баяндамалары мен коментарийлерін тыңдаған Мемлекет басшысы күнтәртібіндегі мәселелерге егжей-тегжейлі тоқталып, оларды жүзеге асырға қатысты нақты көзқарасын білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары