$ 498.34  519.72  4.85

Қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцинаның артықшылықтары қандай

Сарапшының өзі қазақстандық вакцинаға басымдық беріп отырғанын айтты.

ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының ғылыми кеңесшісі Әлім Әкімбаев қазақстандық Qaz Covid-in вакцинасының артықшылықтарын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір де үлкен жолды еңсердік. Ендігі маңызды кезең – вакциналауды қолдану. Вакцина алынды, енді вакциналауды дұрыс ұйымдастыру керек. Маска режимі мен қашықтық талабы әлі де сақталады. Әсіресе жұқпалы аурулар ауруханаларының дәрігерлерін, эпидемиологиялық қызметті, науқастармен ең көп байланыста болатын адамдарды иммундау қажет. Ресей бірінші кезеңде бізге өте жоғары әлемдік рейтингке ие «Спутник V» вакцинасын ұсынды. Жақын арада біздің отандық вакцина да шығарылуы тиіс», - деп атап өтті Ә. Әкімбаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Сарапшының өзі қазақстандық вакцинаға басымдық беріп отырғанын айтты.

«Патриот ретінде емес, вакциналаумен айналысқан маман ретінде қазақстандық вакцинаға көбірек мән беремін деп айта аламын. Неге? Жасалуы жағынан бұл – өлтірілген, белсенді емес вакцина. Ол сақтау және тасымалдаудың арнайы температурасын қажет етпейді. Мұндағы режим екіден сегіз градусқа дейін. Яғни, вакцинаны сақтау үшін қарапайым тұрмыстық тоңазытқышты да қолдануға болады. Мұндай тізбек Қазақстанда орталықтан шалғай өңірге дейін қолға алынған. Сондықтан, 20 градус температурада сақтауды талап ететін ресейлік вакцинадан тиімді болып тұр. Өйткені мұндай температурада үнемі сақтау қолдан келмеуі мүмкін. Ал температура талабын бұзу сапаның төмендеуіне ықпал етеді», - деп түсіндірді маман.

Сонымен бірге, Ә. Әкімбаев қазақстандық вакцинаның антигендік жиынтық спектрі шектелмегенін жеткізді, өйткені тұтас жасуша алынып, қандай да бір әдіспен өлтіріледі және антигендердің толық жиынтығы сақталады.

«Қазір бұл өте өзекті, себебі коронавирус инфекциясы туралы жаңа стереотиптер шығып жатыр. Бұл вакцина коронавирустың барлық мутантты түрлеріне иммунитетті қалыптастыруы керек. Міне, осы тұрғыда қазақстандық вакцинаның перспективасы бар», - деп түйіндеді сарапшы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары