$ 443.35  475.54  4.82

Мәскеуде Алексей Навальныйдың әйелі ұсталды

Ресейде наразылық акцияларында ұсталғандар саны 2291-ге жетті.
Фото: ria.ru
Фото: ria.ru

Мәскеуде полиция Алексей Навальныйдың әйелі Юлия Навальнаяны ұстады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. 
"Подъем" Telegram-каналы Юлия Навальнаяның келісілмеген акция кезінде ұсталғанын нақтылады. Арасында Навальная бар бір топ адам "Матросская тишина" тергеу изоляторына қарай бара жатқанын жазды.
DW.com мәліметінше, Мәскеудегі акцияға 2 мыңға жуық адам қатысқан. Бұл туралы Ресей ІІМ мәскеулік департаменті баспасөз қызметі хабарлады. Ведомство қызметкерлері бұл санаққа акция кезінде қызмет бабымен жүрген журналистерді де қосқан. 
Сондай-ақ бұл - Мәскеу уақыты бойынша сағат 14.30-дағы көрсеткіш. "ОВД-Инфо" құқық қорғау интернет-порталының хабарына қарағанда, Ресейде наразылық акцияларында ұсталғандар саны 2291-ге жетті, Мәскеуде - 520, Владивостокта - 120, Санкт-Петербургте - 242.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары