01.02.2021, 12:00

2-4 ақпан аралығында ауа райы қандай болады?

Фото: elements.envato.com
Одан бөлек, оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз, күн шуақты болатыны айтылды.

Қазақстанда 2-4 ақпанда ауа райы жаңбырлы болады. "Қазгидромет" синоптиктерінің мәліметінше, елде ауа райына циклон әсер етеді.

"Атлантикалық циклонның жырасы Қазақстан аумағы бойынша батыстан шығысқа қарай жылжи отырып, өзімен бірге жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын, көктайғақ, жаяу бұрқасын, желдің күшеюін, сондай-ақ солтүстік жартысында ауа температурасының көтерілуін әкеледі", - делінген хабарламада.

Одан бөлек, оңтүстік өңірлерде ауа райы жауын-шашынсыз, күн шуақты болатыны айтылды.