$ 498.34  519.72  4.85

«Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді» – Тоқаев

Жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын.
фото: 7kun.kz
фото: 7kun.kz

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау – пандемияны жеңудің басты жолы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы. 

"Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын.

1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары