2 ақпан күні Қазақстанның оңтүстік, оңтүстік-шығыс және шығыс аймақтарда фронттардың әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Көктайғақ болып, жел күшейеді. Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашын жаумайды. Еліміздің кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді, деп хабарлайды "Қазгидромет" РМК.
Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Көктайғақ болады. Жел жылдамдығы 15-23 м/с дейін күшейеді.
Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі. Боран соғып, жел қарқыны 15-20 м/с жетеді.
Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде тұман, күндіз желдің күші - 15-20 м/с.
Атырау, Ақтөбе облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады.
Түркістан облысында кей жерлерде тұман, түнде – көктайғақ.
Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде желдің екпіні - 15-20 м/с. Шаңды дауыл соғады.
Ақмола, Қызылорда, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.