Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вакциналау – пандемияны жеңудің басты жолы екенін айтты, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
"Вакцина салуға денсаулығы жарамайтын азаматтардан басқалары, жаппай пандемия жағдайында екпенің аса маңызды және қажетті екенін түсінеді деп ойлаймын.
1 ақпан күні Қазақстанда COVID-19 індетіне қарсы жаппай вакцина салу басталды. Біз індетке қарсы әлемдік тәжірибені қолданып отырмыз. Вакцина – пандемияны жеңудің жалғыз сенімді жолы. Азаматтарды вакциналау шығындарының барлығын мемлекет көтереді", - деп жазды Тоқаев Twitter-дегі парақшасында.